Кеңінен таралған қызметтер

Музыкалық мектептер

Үйірмелерге қабылдау

Баланы қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау туралы өтініш беру

Балабақшаға қабылдау

Баланы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау туралы өтініш беру

Ақпараттық анықтама

  • Бала туралы мәлімет (фамилиясы; аты; әкесінің аты; жынысы; туған жылы; туу туралы куәлік; ЖСН; тұратын мекенжайы)
  • Өтініш беруші туралы мәлімет (өтініш берушінің фамилиясы, аты, әкесінің аты; өкілдің статусы, телефоны; үй/мобильді)
  • Подать заявку может только законный представитель(мать, отец, опекун). Местом жительства лиц, не достигших четырнадцати лет (малолетних), или граждан, находящихся под опекой, признается место жительства их законных представителей.

Орта білім

"Egov.kz электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінім беру кезінде қажетті құжаттар:

  • 3х4 см баланың сандық фотосуреті
  • «Бала денсаулығы паспорты» 052-2/у анықтамасының электрондық көшірмесі. «Профилактикалық егу картасы» 065/у анықтамасының электрондық көшірмесі

Өтінімді қағаз форматта берген кезде:

  • Баланың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің өтініші
  • жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады)
  • Медициналық анықтамалар (№065/Е және 052-2/Е )
  • Екі дана 3х4 см баланың сандық фотосуреті

Қосымша білім беру

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қосымша білім беру ұйымдарына өтініш беруші мынадай құжаттарды өткізуі тиіс:

  • Заңды тұлғалардан баланы қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау туралы өтініш
  • Баланың жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы), туу туралы куәліктің көшірмесі
  • Бала мен заңды өкілдері туралы мәлімет алатын сауалнама
  • қызмет көрсету шарттары жайлы келісімшарт (қажетіне қарай)
  • денсаулығы туралы анықтама (медициналық паспорт, қажет болса)
  • қосымша білім беру ұйымының шешіміне сай қосымша құжаттар

Берілген құжаттар көрсетілетін қызметке жауап беретін адамның кабинетіне өткізіледі

Орта білім

Баланы орта білім беру ұйымына бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтініш ағымдағы жылдың 1 сәуірден 1 тамызына дейін беріледі.

Қосымша білім беру

Баланы қосымша білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш ағымдағы жыл бойы қабылданады.
Баланы білім беру ұйымына қабылдау немесе қабылдамау

Орта білім

  • Ата-ана (заңды өкіл)

Қосымша білім беру

  • Оқушылар сарайларына, Оқушылар үйіне (Жарғыға сәйкес) және балалар музыка мектептері мен көркемсурет мектептеріне 6-17 жас аралығындағы 3 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарға (типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес)
  • Қосымша білім беру ұйымдарында біржастағы және әржастағы балалар қызығушылығына сай біріктіріліп жүргізіледі. Бірлестікті жасау баланың өз еркімен таңдауына қарай негізделеді
  • Кез келген бала бірнеше бірлестікке қатысуға немесе ауыстыруға құқылы
  • Қосымша білім беру ұйымдарында білім беру үрдісі тәрбиеленушінің денсаулығын ескере отырып жүргізіледі